Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды Мәжіліс депутаттары қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.

Осы заң жобасы аясында сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап, 200 мыңнан аса кәмелетке толмаған балалар ұдайы құмар ойын ойнағанын айтты.

«Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға есеңгіреген күйде бәс тігуі мүмкін. Энергетиктер алкогольден де қауіпті болып барады. Қазір 10 жастағы бала да энергетикалық сусынды оңай сатып ала алады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды», — деді депутат.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.