Қазақстанда 10 жылда 230 тоннадан астам есірткі жойылған

Қазақстанда 10 жылда 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қолайлы климаттық жағдайларға байланысты елдің оңтүстік өңірлері жабайы қарасора өсетін табиғи ошақтар. 2014 жылдан бастап Қызылорда облысында құрамында «тетрагидроканнабинол» деп аталатын есірткі бар үнді және голландиялық қарасора белсенді түрде өсіріледі.

Соңғы 10 жыл ішінде «Қарасора» операциясы кезінде ІІМ тікұшақ техникасын қолдана отырып, әуе арқылы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Есірткі тәркілеудің талдауына сүйенсек, 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды.

Жоғары көрсеткіш 2015-2017 жылдары болған, ол кезде 30 тоннаға дейін есірткі тәркіленген. 2019 жылдан бастап төмендеу байқалады. Операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу аймақтары анықталды.

«Қаскүнемдер ыстық және құрғақ климаты бар жаңа егіс алқаптарын іздей бастады. Олардың пікірінше, мұндай жерлер полицияның назарынан тыс қалады және әуе барлауымен қамтылмайды. Бұл Түркістан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының аумағы, сондай-ақ елдің батыс өңірі», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Айта кету керек, операция басталғалы бері каннабис тобының 16 тонна есірткісі жойылды, оның ішінде 12 тонна қарасора, 4,2 тонна марихуана, 450 кг гашиш бар. Төрт мың шаршы метрге жуық есірткі егістігі жойылды.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.