Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

2024 жылдың 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова және «6В02303 – Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттерімен ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында іс – шара ұйымдастырды.

 Кураторлық сағаттың мақсаты: патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні – бұл Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы. Бұл күн жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 33 жылдығын атап өтіледі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың Тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұқамеджанова т.б. қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болғандарды еске алды.

Тәуелсіздік күні туралы студенттер баяндама жасады. Іс – шара барысында студенттер «Сіз Отанды қаншалықты жақсы білесіз?» және «ҚР Конституциясы» тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Тәуелсіздік туын жеңіп берген қайсар Қазақстандық жастардың әр – біреуі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз — ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған іс – шараның соңында Шәкәрім, Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Шерхан Мұртаза, Дінмұхамед Қонаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға айтқан «Мен жастарға сенемін» атты үндеуімен аяқтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...