Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді

         Ағымдағы жылдың 18 наурызында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 156-VIII ҚР Заңымен қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер туралы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар бойынша тиісті түсіндірулер берілді. 

Аталған өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және жұмыстан шығу мәселелерін реттейді.

Кездесу барысында, қойылған сұрақтарға толығымен жауапттар беріліп, аталған өзгерістерді персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің қызметкерлеріне  болашақта өз қызметіндерде қолдану қажеттілігі ескертілді. 

           Сондай-ақ, Наурыз мерекесі қарсаңында, ұлттық патриотизімді нығайту және дәстүрлерді құрметтеу мақсатында, «Ұлттық киім» күні бойынша сөз қөзғалды.

           Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай ұзақ демалыс күндеріне байланысты мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі туралы назарларына жеткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
Алматы қаласы бойынша департаментінің 
Мемлекеттік қызмет саласындағы 
бақылау басқармасының бас маманы                                         Д. Олжабаев

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...