12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 496 бабы 2 бөлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламаубойынша Ресей Федерациясының азаматы Л-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны,  27 қаңтар  2025 жылы  Өскемен қаласында  көші-қон полициясы бөлімінде Қазақстан  Рнспубликасының азаматы бола отырып, 2024  жылы 3 желтоқсанда Ресей Федерациясының  азаматтығын алған, шетел азаматтығын алу фактісі туралы  күнтізбелік отыз күн ішінде  хабарламаған,  төлқұжат және жеке куәлікті тапсырмаған қос азаматтығы бар Ресей Федерациясының азаматы Л.  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шет елдер  мекемелеріне тапсырмаған.

Сотта азамат Л. кінәсін мойындады,  жасаған ісіне  өкініп, уәкілетті органдарға Ресей Федерациясының  азаматтығын алу туралы хабарлау мақсатында Қазақстан Республикасына келгенін, бірақ мерзімінде үлгермегенін түсіндірді. Оның құқық бұзушылық жасау ниеті болған жоқ. 

28 қаңтар 2025 жылы  сот қаулысымен  Л. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік бюджетке  550480  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы Ш.А.Ислямова

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...