ӘРПК мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Қазіргі таңда ӘРПК бойынша көптеген қарапайым азаматтардың талап арыздары қанағаттандырылды. Мысал ретінде, төмендегі әкімшілік істерді атап өтуге болады.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2023 жылдың шілде айында талап қоюшы «ТоСТ плюс» ЖШС-і Ақтөбе қаласының Әкіміне 2022 жылдың 25 тамызындағы Ақтөбе қаласының Әкімінің № 4373 қаулысының күшін жою туралы талап арызбен жүгінген. Талап қоюшы талап арызында, 2023 жылдың 21 маусымында Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы Уәлиханов көшесі 22 тұрғын үйінің «ТоСТ плюс» ЖШС-іне өз еркімен салынған құрылысты бұзу туралы азаматтық іс бойынша сот дайындығы кезінде аталмыш қаулы туралы, яғни ЖШС-не тиісілі 28 шаршы метр көлеміндегі жер аумағы қарапайым серіктестіктің жер участкесінің құрамына енгізілгендігі туралы талап қоюшыға мәлім болғандығын, қаулының күшін жойып, талап арызын қанағаттандыруды сұраған. 2023 жылдың 06 қазанындағы сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 2022 жылдың 25 тамызындағы Ақтөбе қаласының Әкімінің № 4373 қаулысының күші жойылған. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Келесі, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2023 жылдың желтоқсан айында талап қоюшы Е. жауапкер Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысының іс әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. Талап арызынды Е. жауапкердің тұрғын үйге жинаған шотынан мәжбүрлі түрде инкассолық өкім өндіріп алған әрекетімен келіспей, заңсыз деп танып, өндіріп алған қаражатын қайтаруға міндеттеуді сұраған. 2024 жылдың 08 ақпанындағы сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Талап қоюшы Е. пайдасына 1 770 853 (бір миллион жеті жүз жетпіс мың сегіз жүз елу үш) теңге қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
ӘРПК-нің 6, 8-баптары бойынша әкімшілік сот ісін жүргізу осы тарауда баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған істерді қарау барысында, сот ӘРПК-нің заңдылық, әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып , дауланып отырған әкімшілік актілер мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы сәйкес болмауына байланысты соттың шешімімен бұзылды.
Сөйтіп талап коюшылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Айта берсек, талап арызы қанағаттандырылған сот шешімдері жетерлік. Жаңа Кодекс халықтың Сот биліне деген сенімін, разылығын күннен — күнге арттырып жатқандығы анық!
Г.Е.Усенова, Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маман-
сот отырысының хатшысы:


