12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

2024 жылғы 4 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі өткізілді.
          Судьялар Съезі төрт жылда бір рет мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін, сот жүйесі мен судьялар қауымдастығы үшін маңызды шара.
Аталған шарада 450 қатысушы болды, оның ішінде судьялар қауымдастығынан 185 делегат, және де мемлекеттік органдардың, шет мемлекеттердің бірқатар жоғарғы соттарының, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
          Мемлекет басшысы сот қызметі туралы қысқа да нұсқа баяндама жасады.
         Қазақстан Республикасының судьяларының IX съездінде жаңа Судьялық әдеп кодексі бекітілді.
         Мемлекет басшысы белгілеген құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуге, судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, олардың қабылданған шешімдерге жауапкершілігін, сондай-ақ бизнес пен халық тарапынан соттарға деген сенімді нығайтуға бағытталған басым міндеттер айқындалды.
        Сот жүйесінің тиімділігін және сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, соттардың 2020-2024 жылдардағы қызметін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мақұлданды.
        Шығарылған сот шешімдерінің әділдігін және жазаның бұлтартпастығын, сыбайлас жемқорлықты және судьялық әдеп нормаларын бұзушылықтарды, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің ашық сот процестеріне қатысудан уәжделмеген бастартуларды болғызбауға тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
        Сот әкімшілігіне сот жүйесі мен соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау барысында судьялар қауымдастығының пікірлерін ескеру ұсынылды.
        Олардың ішінде күшіне енген сот актілерін қайта қараудың жаңа құралдарын енгізу, “тұтас кассация” енгізу, әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылықты енгізу, дауларды соттан тыс шешудің балама тәсілдерін дамытуды жалғастыру мәселелері бойынша пікірлерде көрсетілген.


Ақтөбе қалалық сотының судьясы Г.С.Оралбай

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...