spot_img
spot_img

Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді. Біздің ел 193 мемлекеттің арасында 24-орында тұр. Бұл туралы 24.kz сюжетінде хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ретте рейтингтің басты көрсеткіштерінің бірі – онлайн-қызметтер индексі бойынша Қазақстан Жапониядан сәл артта қалып, үздік ондыққа енді.

Қазақстаннан кейін ТМД елдерінің ішінде ең жақсы нәтиже Арменияда (53-орын). 56-орында Ресей, 59-орында Өзбекстан, 89-орында Қырғызстан орналасқан. Рейтингті Оңтүстік Корея бастап тұр, оның индексі максималды 1-ге тең, ал ең төменгі көрсеткішке ие Эритрея соңғы орында, индексі 0.

Қазіргі уақытта Қазақстанда неке тіркеу, құжаттарды ауыстыру, жүргізуші куәлігін алу, салықтық және басқа да декларацияларды тапсыру, жылжымайтын мүлік рәсімдеу қызметтерін онлайн алуға болады.

Мобильді аударымдарды бақылау: 255 мың теңге шекті көрсеткіш бола ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден басталатын мобильді аударымдарды бақылау туралы сұраққа жауап берді.

Қазақстанда бензин бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды

Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою туралы бұйрық шығарды.

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының Қазақстандағы екінші АЭС салу алаңын анықтауға қатысты тапсырмасына түсініктеме берді.

Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қыста қосымша бір апта демалады

Еліміздің бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша жеті күн демалады.