Қазақстан мен Вьетнам сотталғандарды беру келісімін жасады

Сенат депутаттары палатаның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатор Наурызбай Байқадамұлы бұл заңның мақсаты — екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталғандардың өз елінде жаза өтеу арқылы қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету екенін мәлімдеді.

«Бұл шартта «Беруші тарап», «Қабылдаушы тарап» және «сотталған адам» сияқты негізгі терминдердің нақты анықтамалары берілген. Бюрократиялық кідірістерді болдырмауға және беру процесінде жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында тиімді өзара әрекеттесу үшін жауапты орталық органдар ретінде Қазақстан тарапынан — Бас прокуратура, Вьетнам тарапынан — Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі айқындалған», — деді Байқадамов.

Шарттың негізгі ережелері негізінде сотталған адамды беру шарттары және ол үшін талап етілетін құжаттар тізімі реттеледі. Атап айтқанда, сотталған адамды беру мына шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

— сотталған адам қабылдаушы тараптың азаматы болуы қажет;
— адам қабылдаушы тараптың да ұлттық заңнамасы бойынша қылмыс саналатын іс-әрекеттер үшін сотталған болуы керек;
— беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген және сотталған адамның жазасын өтеуге тиіс уақыт кезеңі кемінде бір жыл болуға тиіс;
— сотталған адамның жазбаша келісімі бар болған және екі тарап та беруге келіскен жағдайларда.

Айта кетейік, 2020 жылдары мыңға жуық Қазақстан азаматы Вьетнамға барса, ал биыл тоғыз айда мұндай азаматтардың саны 106 мыңға дейін өскен. Яғни 100 еседен астамға артып отыр.

Елге қайтарылған қазақстандықтар

Кейінгі 5 жылда жазасын өтеу үшін 160-қа жуық қазақстандық елге қайтарылды. Әлі де 900 азамат шетелде жазасын өтеп жатыр. Қазақстан 192 шетел азаматын өз елдеріне қайтару туралы сұранымды мақұлдады.

Ұқсас келісімдер

Ұқсас келісімдерді Қазақстан 23 елмен, соның ішінде Әзербайжан, Украина, Түрікменстан, Қытай, Испания, Түркия, Италия, Венгрия, Румыния, Үндістан, Иран, Сербия, Сауд Арабиясы, Литва, Иордания, Моңғолия, Бразилия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Болгария, Солтүстік Македония, Өзбекстан және Кипрмен жасаған.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.