12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРООДАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТТЫ

Былтыр жыл соңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичпен кездескен еді.

Кездесуде қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері назарға алынып, іс-шаралар кестесі жан-жақты талқыланған. Онда көлік-логистика, маңызды шикізат, климат және жасыл энергетика секілді әлеуетті салалардағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге ерекше назар аударылды. Жалпы, Еуропалық одақ – біздің елдің не гізгі сауда саласы мен ең маңызды инвестициялық әріптесі. Бұл жерде Қазақстан сыртқы саудасының шамамен 40%-ға жуығы ЕуроОдақ үлесіне жатады. Айталық, былтырғы қаңтар-қазан аралығында тауар айналымы 41,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл – 2023 жылдың осы уақыттағы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артық. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 32,6 млрд АҚШ долларды құраса, бізге импортталған тауардың құны – 8,6 млрд АҚШ доллар болған. Яғни, импорт көрсеткіші төмендеп, елдің экспорттық әлеуеті атқан. «Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымы – елдің сыртқы экономикалық байланысының бір бөлігі болып табылады. Бүгінде аталған салада көрсеткіш жаман емес. Себебі, сонау 2000-шы жылдардан бері қарай біздегі шикізат бағасы өсті. Ал 2013-2014 жылдары сыртқы экспорт көлемі 80 млрд долларға артты. Бұл сол кездегі 230 млрд долларлық жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігі болатын. Сондықтан Қазақстанды экспорттаушы мемлекет деп атауға болады. Біз өзімізде өндірілген мұнай мен газ, түсті металл, көмір, сондай-ақ бидай мен оның өнімдері, өсімдік майы, ет өнімдері және басқа да өнімдерді экспорттап отырмыз», – дейді экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев. Ал 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына Еуропалық инвестиция 180 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Сондай-ақ Қазақстанда ЕО қатысуымен 3000-нан астам компания жұмыс істеп жатыр. Айтпақшы, биыл еуропалық TÜV компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашуға ниеттеніп отыр. Мұндағы мақсат – ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамыту. Компания басшылары Қазақстанның Бельгиядағы елшісімен арнайы кездесіп, Алматы қаласында аймақтық кеңсе ашу тетіктерін өзара талқылады.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Кассациялық соттардың құрылуы уақыт талабы!

 1 шілдеден бастап үш дербес кассациялық сот жұмысына кіріседі....

О государственных грантах

В Шымкенте 36 человек потратили государственные гранты не по...

Экологическая акция

В Индерском районе Атырауской области состоялась масштабная экологическая акция...

Личный прием граждан

В Туркестанской области поэтапно решаются вопросы образования, здравоохранения, занятости...

Новые вокзалы

Три новых железнодорожных вокзала построят в Мангистауской области: речь...