Қазақстан күзгі егін жинауға қаншалық дайын?

Қазақстанда жақында күзгі егін жинау басталады. Оны жинауға дайындық қалай жүріп жатыр? Жанармай қоры жеткілікте ме? Егін жинауға қоймалар дайын ба?

Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдады.

Ведомство мәліметінше, биыл Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 миллион гектар. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,7 миллион гектар, оның ішінде бидай – 13,1 миллион гектар, ал көкөніс дақылдардың жалпы алаңы – 125,1 мың гектар, бақша дақылдары – 98,1 мың гектар, азық дақылдары – 3,2 миллион гектар, картоп – 121,9 мың гектар.

Бүгінде қанша тонна астық бастырылды?

«Бүгінде жоспар бойынша 16,7 миллион гектардың 11,9 миллион гектарынан немесе 71,4 пайыз орташа өнімділік гектарына 14,7 центнер түсімімен 17,6 миллион тонна астық бастырылды», – делінген жауапта.

Мұның ішінде:

  • картоп – 80,4 мың гектардан өнімділігі гектарына 233,2 центнер болған кезде 1,9 миллион тонна жиналған;
  • көкөніс дақылдары – 93,5 мың гектардан (өнімділігі гектарына 245,1 центнер болған кезде) 2,3 миллион тонна жиналған;
  • бақша дақылдары – 95,9 мың гектардан (өнімділігі гектарына 262,5 центнер болған кезде) 2,5 миллион тонна жиналды.

Күзгі егін жинауға жанармай қоры жеткілікті ме?

Биыл егін жинау жұмыстарына дизель отынының көлемін қалыптастыру gosagro.kz ақпараттық жүйе базасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 355,2 мың тонна дизель отынына қабылданған электрондық өтінімдері негізінде жүзеге асырылды.

Бағасы қанша?

Осы көлемдегі дизель отыны ҚР Энергетика министрлігімен келісіліп, бекітілді.

«Бұл ретте Энергетика министрлігі АШТӨ үшін дизель отынының құнын литріне 250 теңге (ЖҚС – литрі 295 теңге) деңгейінде бекітті, бұл нарықтан 15 пайызға арзан. Бүгінде фермерлерге 226,2 мың тонна немесе 64 пайыз тиеп жөнелтті», – делінген жауапта.

Сонымен қатар Энергетика министрлігі дәнді және майлы дақылдарды кептіруге қосымша 67,7 мың тонна дизель отынын бөлген.

Егін жинауға қоймаларымыз дайын ба?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, күзгі егістен жиналған астық пен ауыспалы қорларды сақтауға жеткілікті орын бар, өйткені қолда бар астықты сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 30 миллион тоннадан асады.

«Оның ішінде 13,4 миллион тоннасы әкімдіктер беретін лицензия негізінде астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін 191 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,6 миллион тонна астық сақтау сыйымдылығы бар», – делінген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін биыл жауын-шашын нормадан артық түсетіні туралы диқандарға құлаққағыс жасалған болатын.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.