Қазақстан IQ деңгейі бойынша нешінші орында?

Қазақстан IQ (интеллект) деңгейі бойынша 127 елдің ішінде 66-орында. Бұл туралы International IQ Test порталындағы рейтингте жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы интеллект деңгейі Шығыс Азия елдерінде ең жоғары, ал Орталық және Оңтүстік Африка мен Латын Америкасында ең төмен деңгейде. Дәлірек айтсақ, IQ ең жоғары ел ретінде Қытай азаматтары көш бастап тұр. Тізімді ары қарай Иран, Оңтүстік Корея, Жапония жалғайды. Үздік бестікті Сингапур елі қорытындылап тұр.

Сондай-ақ Ресей тізімді алтыншы орынмен жалғап, Моңғолия, Австралия, Армения, Испания ондықты тәмамдайды. 

Ал Қазақстан тізімде Африкалық мемлекеттермен бірге 66-орынға жайғасқан. Бізден кейін рейтингті Непал, Марокко, Өзбекстан елдері жалғайды. 

Зерттеу қалай жүргізілді?

Зерттеу нәтижелері 2024 жылы осы сайтта сынақтан өткен бүкіл әлем бойынша 1 393 066 адамның деректеріне негізделгені атап өтілді. Елдердің 82,45 пайызында IQ көрсеткіштері өткен жылмен бірдей. Кейбір елдер шектеулі деректерге байланысты қосылмады.

Жалпы, Шығыс Азия елдерінде орташа IQ жоғары екені белгілі болды. Еуропада, Батыс Азияда, Солтүстік Америкада және Солтүстік Африкада орташаға жақын, Орталық және Оңтүстік Африка мен Латын Америкасында төмен.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...