«Қазақстан халық партиясы» Ақмола облыстық филиалының ресми қоғамдық қабылдау бөлмесінен Қазақстанның әрбір азаматы тегін заңгерлік кеңес ала алады. Консультацияларды филиал басшылығы ғана емес, сонымен қатар қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары да өткізеді. Кеңес құқықтық сауаттылық, әлеуметтік мәселелер мен басқа да тақырыптар аясында берілді,– дейді филиал төрағасының міндетін атқарушы Арман ТАСТАМБЕКОВ.
– Қабылдау бөлмесінің жұмысы кезінде 1200-ден астам тегін кеңес берілді. Азаматтар мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне, шешілмейтін мәселелерге, сондай-ақ азаматтық істер мен атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша шағымдарымен жүгінді. Сонымен қатар, Ақмола адвокаттар алқасының адвокаттарымен жасалған меморандумдардың шеңберінде азаматтардың әкімшілік және қылмыстық істер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар. Көппәтерлі үйдің шатырын кепілдікпен жөндеу, жол салу, су құбыры құрылысына қаражат бөлу, ойын алаңдарын салу және тағы да басқа осы сияқты көптеген мәселелер шешілді,– деді Арман Зейнуллаұлы. Спикердің берген ақпаратына жүгінсек, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар және спортты дамыту партия филиалының жіті назарында. Ұжым әлеуметтік-экономикалық іс-шараларға және салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысады. Степногорск қаласында жыл сайын мұғалімдер күніне орай Қазақстан халық партиясының ұйымдастыруымен Ақмола облысының ашық кубогы өткізіледі. У-шу сияқты спорт түрлерінен 900 бала қатысқан маңызды турнир өткізілді. Оған қоса, басқа да шаралар қамтылған, мысалы, экологияның жай-күйін жақсарту мақсатында Қазақстан халық партиясының облыстық филиалы сенбіліктерді, ағаш отырғызуды және көгалдандыруды қоса алғанда, түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырады. – Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асатын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына біздің ұжым белсене қатысты. Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қарағай мен шырша ағаштарын отырғызылды. Бұл іс-шара дәстүрге айналды, өйткені алғашқы ағаш отырғызу шарасын бірнеше жыл бұрын біздің ұжым ұйымдастырған болатын. Сенбіліктерге толыққанды қатысып, қаладағы болып жатқан игі іс-шараларды қамтуға барынша атсалысып жүрміз,– дейді Арман Тастамбеков. Кешенді қоғамдық жұмыстармен қоса, партия филиалы өңірде көктемде болып өткен су тасқынының салдарын жойып, оны қайта болдырмауға бағытталған бірқатар жұмыс жүргізді. Оған қоса, зардап шеккендерге қаржылай, материалдық және құқықтық көмек көрсетті. – «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында біз Көкшетау қаласының Красный Яр кентінің тұрғындарына азық-түлік себеттерін тапсырдық. Су тасқынының салдары елді мекеннің облыс орталығымен және ауылдық округпен өмірлік маңызды байланыстардан ажыратылуына әкеліп соқты. Ауылдық округке апаратын жалғыз жол судың өтуіне мүмкіндік беру үшін қазылды, ал тұрғындар азық-түлік сатып алу мүмкіндігінен айырылды. Кенттің барлық тұрғындарына азық-түлік пакеттері үлестірілді. Акцияға қатысқандардың барлығына алғыс білдіремін,– деді ҚХП облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Арман Тастамбеков. Сонымен қатар, партия ұжымы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығында материалдық көмек көрсетті. Орталықтың басшылығымен кездесіп қана қоймай, ең алдымен осы ауыр қиыншылықты бастан өткергендерді тыңдап, қолдау көрсетіп, көмектерін ұсынды. Оған қоса, су тасқыны кезеңіндегі ең ауқымды жұмыстардың бірі – Аршалы ауданындағы үйлерді су басудан сақтап қалуға бағытталды. Жергілікті билік пен тұрғындардың тығыз қарым-қатынасының арқасында үйлерді судың басуына жол берілмеді. Аршалы ауданының тұрғындары су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан тұрғындарға, сондай-ақ кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшыларына техника мен адамдарды бөлгені үшін үлкен ризашылығын білдірді. Кент тұрғындары мен еріктілер су тасқынына қарсы күреске даулары (12%), тұрғын үй және жер телімдерін беру (10%) және халықты құжаттандыру (9%), – деп хабарлады «AMANAT» партиясының облыстық филиалы. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды бекітілген ереже кестесіне сәйкес қабылдау жүргізіледі. Жыл басынан бастап 2597 адам қабылданып, айтылған өтініштердің 72 пайызы, яғни 1857-сі оң шешімін тапты. – Жергілікті атқарушы органдардың басшылары 143 қабылдау өткізіп, 375 өтініш қабылдап, өтініштердің 59 пайызы оң шешімін тапты. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 338 қабылдау өткізіп, 1064 өтініш қабылданып, өтініштердің 73 пайызы шешілді. «Құқықтық көмек» жобасы аясында 78 тақырыптық қабылдаулар өткізіп, 236 азамат қабылданып, 53 пайызы қанағаттандырылды. Апта сайын адвокат, нотариус және медиаторлар қабылдау жүргізеді. Қарау қорытындысы бойынша азаматтарға ауызша заңгерлік кеңестер берілуде, сот құжаттары рәсімделіп, соттарда азаматтардың мүдделері қорғалуда,– деді «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Берілген ақпаратқа жүгінсек, жыл басынан бері 38 шалғай елді мекендерде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Негізгі мәселелер: сумен қамту, жол жөндеу, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Әлеуметтік нысандар – мектептер, емдеу мекемелері және мәдениет ошақтарын салу және күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру. Қарау қорытындысы бойынша азаматқосқан маңызды үлесі үшін партияның Ақмола филиалының атынан Алғысхаттармен марапатталды. Партия филиалы судан зардап шеккен ақмолалықтарға қолдан келгенінше ақшалай қаражат, азық-түлік, жылы заттар, медициналық препараттар мен гигиена құралдарын жинап, жеткізуге атсалысты. Тастамбековтің айтуынша, ол партиядағы әріптестерімен бірлесіп облыстағы су тасқыны жағдайын қадағалап, су тасқынының алдын алу үшін қажетті шараларды қолға алды. – Тілсіз жау барлық күш-жігерді, мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес секторды, кәсіпкерлерді, еріктілерді, белсенділерді және мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіру қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге, «Күшіміз бірлікте» акциясына қатысуға тек біздің филиал ғана емес, өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халық партиясының барлық бөлімшелері белсенді қатысып, партияның мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жұмылдырылды,– деп атап өтті Арман Тастамбеков. Қазақстан халық партиясының Ақмола облыстық филиалы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, спортты дамытуға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Бақыт МАХАМБЕТҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ


