Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі Қазақстан халқының санын жариялады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 20 159 707 адам болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрған. Осылайша, соңғы жарты жылда қазақстандықтардың саны 126 мың адамға жуық артты.

Еліміздегі халқы ең көп бес аймаққа Алматы (2 258 253 адам), Түркістан облысы (2 150 796 адам), Алматы облысы (1 545 564 адам), Астана (1 472 027 адам) және Шымкент (1 238 969 адам) кіреді.

Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 670 адам) мен Қарағандыда да(1 134 776 адам) миллионнан аса адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 586 070 қандастарымыз ауыл тұрғындары.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.