Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуі адамдарға қалай әсер ететінін зерттейді

Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға қалай әсер етіп жатқанына қатысты ғылыми зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз өзіміздің ең үздік институттарымызды тартамыз — география институтымыз өте жақсы, ол осы мәселелермен айналысады, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің физиология мен медициналық бөлігіне қатысты бірнеше институттар қатысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖСТК) өз отырысын өткізіп, бұл тақырыпты талқылауға шығарады. Егер қолдау тапсақ, онда бірден конкурс жариялап, зерттеу жұмысын бастаймыз. Зерттеу консорциум арқылы жүргізіледі», — деді министр.

Министр зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады.

«Бөлінген қаражат сомасы туралы нақтылау керек, бірақ оның көлемі үлкен емес. Алдымен зерттеуге жалпы лимитті анықтап, содан кейін конкурс процедуралары — ғылыми кеңестер, өтінімдер және басқа да рәсімдер жүргізіледі», — деді Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып, петиция жинады.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.