Қазалы ауданында пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға бағыт-бағдар берілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттік қайтарымсыз грант алу және кәсіп ашу мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны аудандық прокуратура, Жастар ресурстық орталығы және Мансап орталығының мамандары бірлесіп ұйымдастырды. Жиын барысында мамандар сотталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамыту жолдары, қайтарымсыз грантқа қалай өтініш беру керектігі, бизнес-жоспар құру және кәсіп бастауға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Кәсіп ашуға ниетті азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. 2024 жылы Қазалы аудандық пробация есебіндегі үш сотталған азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Есептегі азаматтар арасынан тағы да 3 адам кәсіп ашуға және қайтарымсыз грант ұтып алуға ниет білдірді. — Кәсіп ашсам деген ниеттімін, мал басын көбейткім келеді. Балаларымның болашағы үшін жұмыс істеп, адал табыс тапқым келеді. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Қателігімнен сабақ алудамын. Бүгін көптеген мәлімет алдым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат. Пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатовтың айтуынша, мұндай шаралар сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, өз ісін ашып, адал еңбекпен күн көруіне үлкен мүмкіндік береді. — Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік -құқықтық көмектер үздіксіз көрсетіліп келеді. Бүгінгі жиында да кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — дейді Ербол Сражатов.

Основа дорожного движения

ИНТЕРНЕТ ИЗМЕНИЛ ПОЧТИ ВСЕ СФЕРЫ НАШЕЙ ЖИЗНИ, И АЗАРТНЫЕ...

Грани взаимодействия

День профсоюзов Казахстана – это праздник, призванный укрепить позиции...

Бунт у школьных ворот: когда подростковый протест становится делом полиции

Французские лицеисты справедливо требуют лучших условий обучения. Власти отвечают...

В судебной системе 

Коллектив Алматинского городского суда и Департамент судебной администрации по...

Как вернуть списанные по исполнительной надписи деньги?

ЕСЛИ ДОЛЖНИК НЕ НАПРАВИЛ ВОЗРАЖЕНИЕ В ТЕЧЕНИЕ ДЕСЯТИ РАБОЧИХ...