Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Қазалы ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ерекше қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұл игі бастаманы «Сауал» қоғамдық бірлестігі мен Қазалы аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Шара аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың 15 баласына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Әр бүлдіршінге арнайы дайындалған тәттілер жиынтығы ұсынылып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйланды. Мұндай игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, мереке күндерінде балалардың жүздеріне күлкі ұялату.

Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Бірі өлең айтып, екіншісі би биледі. Жаңа жылда балаларына ерекше көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға ата-аналары алғыс айтты.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...