Қаза тапқан полицейлердің аналары мен жарларына құрмет көрсетілді

Түркістан облысының Полиция департаментінде 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын бірінші кезекте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің аналары мен жұбайларына сый-құрмет көрсетуден басталды. Жұлдызы ерте сөнген полицейлердің туыстарына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарды Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов табыс етті.

Мерекелік іс-шараларда ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақырту жіберіп тұратын полиция басшылығына қаза тапқан полицей Мұхтар Дәуренбековтың жұбайы Динара Жипсыбаева алғысын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қызметтеріне биік абырой тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...