Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қазіргі заманға ашынуы дұрыс — ақ. Айналаға қөз салсаң кіл қате аударма мен мәнсіз сөздерден көз ашпайсың. Қазақ тілін жетік меңгеру қазақтан басқаға қайдан керек болсын?
Ал қазақ қоғам болса өз — өзін жеуден, өз тілін қор қылудан арылар емес. Ғаламтор торындағы аударма сөзді аударып емес, айналдырып береді. Балғын тағамды қысқа толқынды пешке жылытуға салса, тамақ жылиды бірақ құнарынан айырылады. Сол сияқты сөз де аударма “толқынына” салынып, бастапқы қалпын бұзады. Қате аударманың көптігінен көз ашу мүмкін емес, жарнама тақтайшалары мен жүкен аттарының бәрінде қайталанар қате аударма. Тамақ сыртындағы жазбалар мен кафе мәзірлеріндегі сөздер тұнып тұрған “улы тұнба” дерсің. Қазақ тілі бай екенін сөзбен айтып, аргуменпен көрсетіп, іспен дәлелдеп көрсетуді қажет етпейтін “аксиома”. Аудармадан айналған “ішімдік сүті” деген сөздің мағынасы не? Ішіп отырған нәрсе ішімдік пе сүт пе кім білсін. Кино аттары қазақшаға аударғанда “Один дома” сөзін “Үйде жалғыз қалғанда” деп бұрмалайды. Анығына келгенде Кевин үйде әдейі жалғыз қалмайды не қалдырмайды ғой? Бұндай сарынмен сананы улап, қазақ тілін жоғалтып жіберуге болады. Онсыз да қазақ тілі мен әдебиетіне батыстан енген көп сөздер кіріп, ұлттық сана сезім, дін мен ділге кері әсерін тигізуі ғажап емес. Бір сөзден сөйлем құралады. Сөздің сүйектен де өтері мәлім. Сүйектен өтер сөздеріміз сәнін жоғалтпасын. Бірақ қазіргілерді бұл алаңдатпайды, оларға маңыздысы тек табыс көзі.
Бақытова Арна, Абылайхан атындағы халықаралық қатынас және шет тілдер университеті
2 курс