Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.