Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

«Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, Магдебургтегі Рождестволық базарда көлік жәрмеңкеде жүрген адамдарды қақты. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес екі адам қаза тауып, 70-ке жуығы жараланған.

Көлікпен адамдарды қаққан күдікті қамауға алынды. Ол Сауд Арабиясынан келген 50 жастағы ер адам дейді Хазелофф. Ол Германияға 2006 жылы келіп, дәрігер болып жұмыс істеген. Ол бұл әрекетке әдейі барды деген күдік бар.

Лаңкестік шабуылдан зардап шеккендердің саны көп болуы да мүмкін.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...