Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Қармақшы аудандық сотында азаматтардың қайтыс болуы туралы  фактілерді анықтау санатындағы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Қ.Мыханов, судьялар А.Сайдуллаев А.Қазыбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов,  аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімі бастығы міндетін атқарушы Қ.Әліп, аудандық аурухана басшысы Б.Нысанбаев, аудандық заң консультациясының адвокаты Г.Қадырбаева және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілдері  қатысты.

Шараны сот төрағасы Қ.Мыханов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, қазіргі таңда қайтыс болу туралы фактіні анықтау санаты бойынша арыздардың сотқа түсу көрсеткіші көбейіп отырғанына тоқталып, осы санаттағы істерді қарау барысында жиін туындайтын мәселелерді талқылауды ұсынды.

 Шара барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша судья А.Қазыбеков баяндама жасап, азаматтардың қайтыс болуы туралы фактіні анықтау  санатындағы азаматтық істердің сотқа түсу көрсеткіштерінің артуына тоқталып, арыздардың санын азайту және осы санаттағы істерді қарау бойынша біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру қажет екендігіне қатысушылардың назарын аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын айтып, өзара пікір алмасты.

Қармақшы аудандық соты

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...