spot_img
spot_img

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

16 сәуірде Қарағанды облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті.

Форумға Қарағанды облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, ЖОО профессор-оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері мен журналистер, блогерлер, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жәнеҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық Білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Осы мақсатта еліміздің ірі облыстары мен қалаларында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы ұйымдастырылады. Алғашқы форум Қарағанды облысы мұғалімдері мен білім саласы мамандары арасында өткізіліп, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ортақ алаң – қауымдастық құрылды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мазмұн қорын көбейту, тілдің заманауи тартымдылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар мен жобаларды таныстырды. Ал Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім жөніндегі вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы өз баяндамасында оқулық сапасы мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру тақырыбында өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныстарын айтты. BMG UpSkill компаниясының директоры Әсел Мұхаметжанова бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру, Қарағанды облысының Тілдерді оқыту орталығының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы тіл үйретудегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме LAB басқармасының басшысы Ысқақова Жазира Мақсұтқызы қазақ тілін оқытудағы IT-жобалар туралы айтты.

Жиында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, оқыту әдістемесін жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін арттыру, қазақтілді оқушылардың оқу сауаттылығы мен академиялық жазу мәдениетін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Әр мұғалімге сыныпта қолданылатын әдістемелер мен нақты құралдар ұсынылды.

Анықтама: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ 1989 жылы 22 қыркүйекте құрылған. Ол қазақ тілін дамытуға ынталы тіл жанашырларын біріктіретін Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру, қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, тілді қолдану мен оны үйретуде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану бағыттарында қызмет атқарады.

Қосымша сұрақтар бойынша: Гүлназ, +7 707 345 64 91, press@kitap.kz

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...