Қар патшайымы: Алматы циркінде жаңа жылдық қойылым көрсетілді

2024 жылдың 17 желтоқсанынан 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін Алматы циркінде «Қар патшайымы» атты жаңа жылдық ертегі өтеді.

Жаңа жылдық мереке, ғажайыптар мен мейірімділікке толы сиқырлы ертегіде кішкентай кейіпкерлер Джоник пен Камилла қайта сиқырлы оқиғалардың әлеміне тап болады. Қазақ мемлекеттік циркінің режиссерлік-қойылым тобы алматылық тұрғындардың назарына көне ертегінің жаңа нұсқадағы бірегей қойылымын ұсынады. Серпінді және қызықты ертегі оқиғасы қазіргі заманғы интерпретацияда цирк тілімен көрерменге жол тартады. Сиқыршылар – Күлкі қорғаушысы, Көктем, Жаз, Күз басты кейіпкерлерге Қар патшайымының мұзды жүрегін ерітуге көмектеседі, ол планетаның барлық балаларының ең қысқы, ең қарлы және ең сүйікті мерекесі – Жаңа жылдың қожайыны екендігін міндетті түрде есіне түсіруі тиіс.

«Басты кейіпкерлер Джоник пен Камилла біздің көрермендерге ұнағаны соншалықты – тағы да жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлері атанды. Балалық шағымызда сиқырлы таяқшамен ертегілер әлеміне тап болып, әрбіріміздің қиялдайтын кезді еске түсіреді», — дейді Қазақ мемлекеттік циркінің бас қоюшы режиссері Марина Редько.

Жыл сайын көрерменіне жаңа қойылым ұсынатын цирк басшылығынан, биылғы қойылымның ерекшелігін де сұрадық.

«Бағдарлама үшін арнайы жаңа цирк нөмірлері, эксклюзивті костюмдер, цирк реквизиттері жасалуда, көрермендерді ертегі сюжетіне баурап алатын интерактивті үлкен лазерлік шоу болады», — деді Қазақ мемлекеттік циркінің Директоры Мақсат Жаиков.

Мерекелік бағдарламаға Ю.Никулин атындағы Мәскеу циркінің әртістері өздерінің керемет үйретілген жануарларымен, көрермендерді күлкіге қарық қылатын күн шуақты Испаниядан келген клоун, Алматы циркінің үздік әртістері – халықаралық цирк өнер фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары: әуе гимнасттары, эквилибристер, акробаттар, «Номад» каскадерлері қатысады.

Қойылым қалалық Мәслихат депутаттарымен бірлесіп, халықтың аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, ардагерлерге, қарттарға арналады. Атап өтер жайт, жыл сайын қойылым басы қайырымдылық көрсетілімдерінен басталады. Жылына 15-20 мың балаға көңіл күй сыйлайтын цирк ұжымы бұл жолы да жаңа жылдық алғашқы қойылымда 1768 балаға тегін билет сылап отыр.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...