Қанша жас қазақстандық үйсіз жүр?

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елімізде баспана мәселесі өзекті екенін, бүгінде 1,3 млн жастың үйі жоғын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол депутаттық сауалын Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа жолдады.
«Қазақ әрқашанда өзінің қара шаңырағын хан сарайынан да артық көргені бәрімізге мәлім. Бүгінде елімізде 4,5 млн миллион адам үйге мұқтаж. Оның – 1,3 миллионы жас қазақстандық», — деді Нұргүл Тау.

Депутат саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.

«Біріншіден, бұл еліміздегі мыңдаған салымшының тартып отырған азабы. 2023 жылы Қазақстандағы үлестік құрылыстың көлеңкелі нарығының үлесі шамамен 70% болды. Мысалы, жақында Алматы облысындағы 200 отбасы екі жылдан бері үйлеріне кіре алмай отырғаны анықталды. Екіншіден, бүгінде мойнында бірнеше несиесі бар отандастарымыз аз емес. Бұл Мәжіліс қабырғасында да көтерілді.

Осылайша, көптеген отандасымыз алғашында үй үшін несие алса, содан кейін баспанасын жөндеу үшін кредит алуға мәжбүр болған. Бұл мәселені шешу үшін тұрғын үйлердегі пәтерлерді толық жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға беру ұсынылады. Мұнда әр пәтердің жөнделу бағасы салымшымен алдын ала шартта белгіленсе, мүлік бағасының шарықтауын алдын алуға болады деп есептейміз», — деді ол.

Үшіншіден, қазір елімізде 2 миллионнан астам адам баспананы жалға алады. Олардың басым бөлігі – студенттер, ал пәтерді жалдау бағасы күннен күнге шарықтап жатыр.

«Осылайша, пәтерлерді жалға беру және алу нарығын реттеудің күні келді деп санаймын. Осыған байланысты пәтерлерді жалға беру бағасының шектік арасын айқындау қажет. Сондай-ақ бұл үрдіс жүзеге асырылуы үшін жалға берушілердің бірыңғай тізілімін құру және жалға алу және беру шартының типтік жобасын бекіту қажет деп есептейміз», — деді депутат.

Төртіншіден, кейбір құрылыс компаниялары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды айналып өту үшін тұрғын үйді сатып алу үшін алдын ала шарт жасасады.

«Осылайша, Қазақстанда аталған шартты жасасқан 6800-ге жуық үлескер зардап шегіп отыр. Сондықтан тұрғын үй сатып алудың алдын ала шарттарын жасасуға тыйым салу қажет. Бесіншіден, еліміздегі тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын банк аясында trade-in бағдарламасын енгізу ұсынылады», — деді Нұргүл Тау.

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...