Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.
 
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны — 120″ — делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...