12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болды

Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген құжатта.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

08.1998-03.2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

03.2000-12.2000 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

01.2001-05.2001 аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

05.2001-08.2007 жылдар аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

27.08.2007-14.10.2008 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

10.2008-11.2009 жылдар аралығында «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

30.11.2009-12.2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

12.2013-25.03.2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

25.03.2016-18.12.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

18.12.2019 — 24.11.2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

24.11.2021 — 10.06.2022 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі.

2023 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2005) және «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен (29.05.2019) марапатталған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.