12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА СОТ ҰЖЫМЫ ДА АТСАЛЫСТЫ

Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Ізгі іс жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.

Ата-бабамыз «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.

Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды деген ескіден қалған дана сөз бар. Біреудің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын қайта зерделейді. Кезінде маңызды көрінген, көңілге маза бермеген мәселелердің түкке тұрғысыз екенін түйсінеді. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады.

Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен биыл Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы «Наурызнама» тұжырымдасы ұсынылды. Тұжырымдамаға сәйкес 15 наурыз – Қайырымдылық күні деп белгіленді. Наурыз мерекесі қарсаңындағы мұндай іс-шаралар қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға себепкер болады. Осыған орай аудандық сот ұжымы аз қамтылған отбасы балалары мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

Аян АЛТЫНБАЕВ,

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық

соты әкімшісінің басшысы,

 «Қызылорда облыстық судьялар

Одағының мүшесі»

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...