Қай өңірлерде мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды?

Дүйсенбі, 19 ақпанда еліміздің бірнеше аймағында оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі.

Қостанай қаласында 0-11 сыныптарының бірінші ауысымдағы оқушылары 1 күн онлайн форматта оқиды. 

«Ауа температурасы -29 градус. 19 ақпанда Қостанай қаласы мектептерінің 0-11 сыныптарының бірінші ауысым оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылады», — делінген ведомство хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 19 ақпандағы қатты аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерінің бірінші және екінші ауысымындағы сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылатынын хабарлады. Атап айтқанда, Күршім ауданында, Глубокое ауданында, Алтай қаласында, Өскеменде, Самара ауданында  Ұлан ауданында, Катонқарағай ауданында, Риддер қаласында, Шемонаиха ауданында, Тарбағатай ауданында, Зайсан ауданында.

«Қарағандыда бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», — деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Астанада 19 ақпанда мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы оқушыларға арналған сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.

«Ауа-райының нашарлауына байланысты 19 ақпанда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшеді», — делінген ведомство хабарламасында.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.