Қадамдық жоспар аясында семинар-тренинг өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған Қадамдық жоспар бойынша мемлекеттік органдармен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

“Құтты білік” жобасы аясында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағытындағы заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндірме берілді.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына өзгерістер енгізіліп, Мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау атты 9-1-тараумен толықтырылған болатын.

Аталған тарау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, тексерудің жалпы мәселелері, тексеру жүргізу тәртібі және басқа мәселелерімен толықтырылған болатын.

Бұдан бөлек, “Құқтық сауаттылық” жобасы аясында персоналды басқару қызметкерлері және әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау және тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингте мемлекеттік органдармен қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау және тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру барысында назар аудару қажет мәселелерге көңіл аударылды.

Нақты орын алған кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақталу бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы жиын өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқытарын қатаң сақталуына назар аударылып, жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тарту тәртібі туралы айтылды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

А. Қалқабаева

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы....

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...