Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, Алматы қаласы «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының жоба ұйымдастырушысы Нұржау Мадимен «Бас бостандығынан айыру орынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба» аясында, кәмелет жасқа толмаған жазалы жасөспірімдермен заңгерлік кеңес және психологиялық көмек ретінде кездесу өткізді. Психолог Жанна Ғайни және Гүлнар Нургалиева, Байбатырова Назира адвокат мамандар жазалы жасөспірімдерді жеке қабылдап, заңгерлік кеңес беріп, психолог маман психологиялық көмек көрсетті.
Жазалы жасөспірімдерге бостандыққа шыққаннан кейін, алдарына мақсат қойып қоғамда өз орындарын табуына жол көрсетті. «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының жоба жетекшісі: Нұржау Мади осындай жобалар бас бостандығынан айыру орында отырған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында көптеген көмек көрсетілгенін атап өтті. Заңгерлік кеңес және психологиялық көмек, балалардың көңілінен шыға білді.

Жобаның мақсаты: Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, туған жер, туған тілі, дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу және бас бостандығынан айырылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге арналған дейді жоба жетекшісі Нұржау Мади. Кездесу соңында келген қонақтарға мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің бастығы әділет подполковник А.Бәзілбаева қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, болашақта да осындай кездесулер жиі болатын айтты. Жастарды, әсересе, жасөспірімдерді жаман әдеттерден жирендіру арқылы, қоғамға пайдалы адам ретінде дұрыс тәрбие беру арқылы, қоғамда өз орындарын таба білуіне жол көрсету басты мақсат.
Еркегүл Жеңісхан
№11 мекеме