«ПТР тестілеуге байланысты балалар арасында мидың жарақат алу қаупі артуда»: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты

Мессенджерлерде тараған хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Мәтінге сәйкес, сарапшылар СOVID-19 ПТР талдауы үшін биоматериал алу әдісі балалар арасында ми жарақаттарының қаупін едәуір арттырды деген қорытындыға келген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Хабарлама мәтіні бойынша бұл қауіп мектептерде COVID-19 ПТР талдауының теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына қойылған талаптан туындап отыр. Тиісті анықтама болмаса, балаларға сыныпта сабаққа қатысуға тыйым салынады.

Біріншіден, Қазақстанда мұндай талаптар жоқ. Балалар мектепке ҚР бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, барады. Онда оқушыларға ПТР анықтамалары қажеттілігі туралы айтылмайды.

Екіншіден, ПТР тест үшін биоматериал жинау арқылы миға зақым келтіру мүмкін емес. Бұған дейін біз бұл туралы жазған болатынбыз, яғни жақпа алуға арналған зондта өткір металл бөлшектер жоқ және ол миға жетпейді. Шырыш алған кезде жұтқыншақ пен мидың арасында қалың бұлшықет қабаты және бас сүйек негізінің сүйегі орналасқан.

БАҚ-та ПТР талдауы кезінде материал алу мидағы цереброспинальды сұйықтықтың ағып кетуіне себеп болған екі жағдай сипатталған. Бірінші жағдайда, зардап шеккен әйел дәрігерлерге туа біткен патологиясы бар екенін ескертпей, материалды өз бетінше алған. Науқастың бас сүйегінің негізінің сүйегі деформацияланған, нәтижесінде ми тінінің бір бөлігі мұрын қуысына түскен. Бұл оқиғадан кейін әйелге барлық қажетті көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы жақсы.

Екінші жағдай туралы БАҚ жақында жазған. Сан-Антонио тұрғынының мұрыннан цереброспинальды сұйықтық аққаны жайлы шағын басылымдар ғана хабарлады. Бір қызығы, олардың барлығы бірдей мәтін мен фотосуреттерді қолданған. Ақпарат көзі –FoxSanAntonio.com порталы болды. Бұл жағдайға дәлел болар басқа ештеңе жоқ.

Осылайша, ПТР тестілеу ми жарақаттарының көбеюіне әкелуі мүмкін деген теория дәлелденбеген және ғылыми фактілерге қайшы келеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...