Психологтар сотталғандармен өткізілетін сабақтардаметафоралық ассоциативтік карталарды қолдана бастады.

                 Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме психологтары сотталғандармен жұмыс істеуде метафоралық ассоциативтік карталарды қолдана бастады, бұл олардың ішкі қайшылықтарын мойындап, оларды шешуге күш табуға көмектеседі.
                 Мекеме психологтары карталарды үшінші ай қолданып келеді. Мұндай сабақтарға сотталғандардың 60 пайызы қатысады. Психологтардың айтуынша, карталармен жұмыс істеу сотталғандарға ашу-ыза, реніш немесе қайғы сияқты жағымсыз эмоцияларын анықтап, солар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс әдісі эмоциялық көмек көрсетуге және жалпы әл-ауқатты жақсартуға ықпал етеді. Таңдалған картаға қарап сотталғандар, өздерінің жеке жағдайына немесе ішкі жағдайына байланысты нәрсені көре алады. Картаны таңдағанда олар бүкіл суретті сипаттай отырып, өз сезімдерін баяндайды. Психологтың мiндетi сотталғаннан неқұрлым сипаттау алу болып табылады.
                Метафоралық ассоциативтік карталардағы суреттердің дұрыс интерпретациялары жоқ – әркім оларды өз бетінше түсінеді. Жұмыс үш карта колодасы бойынша жүргізіледі: «ажырасу», «жолдар», «ішкі қорқыныш». Сотталғандардың картаны кезкелген колодадан таңдау мүмкіндігі бар. Көбінесе, мекемеге енді келген сотталғандар үшінші колоданы таңдаса, ал бостандыққа шығу уақыты жақындағандары «жолдарды» таңдайды. Карталар диагностикаға, терапияға және қолдауға жарамды және оларды жеке де, топтық жұмыс үшін де пайдалануға болады, -деп түсіндірді мекеме психологы Жұлдыз Ибрагимова.

Отдых с заботой о природе

Экологический туризм уверенно набирает популярность во всем мире, и...

Эффективные инструменты профилактики

По данным World Population Review (WPR) за 2025 год,...

В формате открытого диалога 

В целях повышения экологической грамотности молодежи и формирования ответственного...

Ключевой фактор

На расширенном аппаратном совещании под председательством акима области Абай...

Главное, чтобы не было «перегибов»

Как известно, с января текущего года в Казахстане повышен...