spot_img
spot_img

Психологиялық жай-күйді анықтау құралы

Қоғамнан алшақтау жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Сондықтан психологтардың көмегенсіз сотталғандарды тәрбиелеу мүмкін емес. Соданда болар қылмыстық атқару саласындағы психолог маманның жұмысы сотталғанның не айыпталушы азаматтардың қамауға келіп түскен күнінен бастап, жаза мерзімін өтеу кезіннен, мекемеден босатылып шыққанға дейін жалғасады.

Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторының аға инспектор психологы, әділет капитаны А.Мырзалы мен психолог инспектор А.Орынбаев мекемеге жаңадан келіп түскен істі болған азаматтарды бірінші күннен бастап жеке қабылдап, психологиялық жай-күйі мен мінез- құлқын тану мақсатында әңгіме жүргізеді.

Сондай-ақ, мекемеге алғаш келгендегі адаптациялық жағдай мен камераларға орналастыру бойынша да мінез — құлық, көзқарастары мен ұстанымдарындағы ұқсастықтарын анықтау мақсатында тестер, жеке және топтық тренингтер өткізіп тұрады. Бұл өткізіліп жатқан іс-шаралар жайында психолог :

Мекемеде экстремизм мен радикализм идеологиясын ұстанған жазасын өтеуші сотталғандардар арасында мінез-құлқы мен көңіл-күйін бір қалыпқа түсіру мақсатында «Түйме» әдісін қолданып отырмыз.

Үстел бетіне алдымен түрлі-түсті түймелерді әкеліп қоямыз.

Сотталған осы түймелерді таңдай отырып, туыстарына деген қарым- қатысына қарай, түймелердің бірін жоғары, бірін ортасына енді бірін төмен орналастырады.

Және осы құрған асосациясына түсініктеме береді. Жасалынған таңдаулар бойынша қорытынды шығарылып, нәтежиесі бойынша олармен одан әрі атқарылатын жұмыстардың бағыт- бағдарының жоспарын жасаймыз.

Кейде, бірінші рет сотталғандар, сот үкімін естіген соң, терең күйзеліске түсіп кетуі мүмкін. Жаза үкімінің үрейі, алдағы темірторда өткізілетін бірнеше жылдар, міне осының бәрін жеңуі үшін қамаудағылармен профилактикалық және психикокорекциялық жаттығулар жүргіземіз.

Бұдан бөлек майнд-машинаны қолдана отырып релаксация жасалады. Сондай-ақ, сурет салу арқылы ішкі эмоцияларын шығарып, жеңілдеулеріне түрлі көмек көрсетеміз – дейді А.Мырзалы.

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...

«Абай жұлдызы» премиясының жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...

ҚАЖ қызметкері құрметті демалысқа шықты

Ұзақ жылдар бойы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79...