Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде жеке құрам қызметкерлерінің моральдық-психологиялық ахуалын жақсарту, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және ұжымдағы жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің күнделікті қызмет барысында кездесетін психологиялық жүктемесін төмендету, күйзеліс жағдайларының алдын алу, өз эмоцияларын басқару дағдыларын дамыту және кәсіби қызметке деген ынтасын арттыру. Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық сергіту жаттығулары, командалық өзара әрекеттесуді нығайтуға арналған тапсырмалар мен арнайы психологиялық әдістемелер ұсынылды. Сонымен қатар, эмоционалдық шаршаудың алдын алу, стресске төзімділікті қалыптастыру, жағымды ойлау және өзара қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлер белсенділік танытып, ұсынылған жаттығуларға қызығушылықпен қатысты. Практикалық тапсырмалар арқылы ұжымдық бірлікті нығайту, өзара сенім мен түсіністікті арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Психологиялық қолдау – қызметтік тәртіп пен кәсіби тиімділікті арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Осындай іс-шаралар қызметкерлердің психологиялық саулығын сақтауға, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және ұжымдағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Аталған бағыттағы профилактикалық және психологиялық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.


