Психолог мамандар сотталғандарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен психологиялық тренингтер жиі өткізіліп тұрады. Психологиялық тренингтер сотталғандардың өзін-өзі өзгертуге, қоғамнан өз орнын табуға,  өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып бейімдеуде маңызы өте зор. 

2021 жылғы 25 ақпанда мекемедегі сотталғандарға мекеменің психолог маманы Ш.Кулбаева «Есірткісіз болашақ» тақырыбында шара өткізді. Шараға облыстық наркология орталығының психолог мамандары Ә.Асылбековна, Ш.Раушанбековна қатысып, әртүрлі стресстік жағдайда, өз-өзіне сенімсіздік, түрлі фобияда жүрген сотталған азаматтарға  дәріс оқып  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында психолог мамандар сотталғандың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Жылы лебіз», «Акула» атты психологиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. «Жылы лебіз» тренингі арқылы сотталғандар бір-біріне жылы лебіздер айтса, «Акула» тренингінде олар ән қосылғанда билеп, ән тоқтағанда  жерге қойылған ақ қағазға тез арада тұрып шапшаңдық танытты. Жазасын өтеушілер  азаматтар тренинг жаттығулары барасында көніл-күйлері көтеріліп, өздерін еркін ұстап, белсенділік таныта білді.

Шара соңында сотталған азаматтар психолог мамандарға алғысын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...