Прокуратура инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерін қарады

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне арналған «Инвестициялық климат-дамудың басты құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, облыс әкімі Нұралхан Көшерев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев, облыстық соттың төрағасы Айдос Сұлтанов, арнайы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар, аудан прокурорлары мен әкімдері онлайн форматта қосылды.

Дөңгелек үстелде инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік және құқықтық кедергілер, прокуратура мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы талқыланды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура органдары «прокурорлық сүзгі» тетігін жүйелі түрде қолдануда.

Өткен жылы аталған тетік арқылы 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды.

Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылды.

Сонымен қатар 2024 жылдан бері прокуратура бастамасымен мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген «Инвест-Караван» акциялары аясында 60 көшпелі іс-шара ұйымдастырылып, 150 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілді, 42 инвесткейстің мәселесі шешімін тапты.

Іс-шара қорытындысы бойынша инвесторларды қолдау қағидатын сақтай отырып, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыс жалғасатыны атап өтілді.

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...