Прокуратура: Қазақстан темір жолы өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып келген

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ-ның үстем жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдауға төлем коэффициентін 30% төмендететін арнайы тарифтік шарттарды қолданады. Тарифтерді қолданудың негізділігін зерттеу ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін төмендеу коэффициенті осы сәттен бастап қолданылғанын көрсетті. Ал басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында көлік тасымалының кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген», — деді прокуратура.

Көлік прокуратурасы жағдайдың теңсіздігі нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар артықшылыққа ие болғанын айтты.

Прокуратураның наразылығымен аталған заңсыздықтар жойылып, транзиттік жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...