2024 жылы 10 сәуір күні Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында теміржол қызметкерлеріне қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымының алдын алу, сондай-ақ қару мен олардың патрондарының сақталуын, пайдалануы мен алып жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Егер сіз қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды байқасаңыз, көрсеңіз және тауып алсаңыз, оларды тасымалдауға тырыспаңыз. Жазатайым оқиғаларды болдырмау және жарақаттанудың алдын алу үшін дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Есенғали Ераслан Есенғалиұлы


