Профилактикалық оңалту іс-шаралары

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында әр түрлі форматта профилактикалық оңалту іс-шаралары жүргізіліп келеді.
Осы ретте, 28 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 әйелдер түзету мекемесінде Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпаратық-талдау орталығы» КММ тапсырысы шеңберінде «Шапағат» ҚҚ және «Jaryq Entertainment» компаниясы базасында түсірілген лудомания, нашақорлық, балалар травматизмі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұлттық құндылықтарды сіңіру, деструктивтік діни ағымдар қатарына тарту тақырыптарын қамтитын «Мейірім», «Достық», «Кек» бөлімді «Budilnik» атты фильм көрсетілімі өтті.
Аталмыш фильм шынайы оқиғалар желісіне негізделген. Қоғамда мейірімділіктің жетіспеуі туралы. Фильмде кенеттен орын алған жарылыстан бірнеше адам қаза табады. Соңында бір-біріне байланысқан оқиғалар желісі арқылы шындық ашылып, жарылыстың себебі белгілі болады.
Қызықты сюжетімен сотталушыларды терең ойға қалдырған фильмнен қатысушылар үлкен әсер алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

«Ертегі терапиясы» атты психологиялық іс-шара өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекемесінде сотталғандарға арналған...

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...