12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде сотталғандарға күшейтілген бақылау

2022 жылдың 07.02.-нен 2022 жылдың 13.02.-не дейінгі кезеңде СҚО Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері СҚО Жамбыл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп «Профилактикалық бақылау» жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізді. Осы іс-шараның негізгі мақсаты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар тарапынан жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ рецидивті қылмыстың жолын кесу болып табылады. Жамбыл ауданы пробация қызметі бөлімінде 35 сотталған есепте тұр.

Тұрғылықты жері бойынша бірінші күні тексеру кезінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының бір бұзылуы анықталды, жол берілген бұзушылық үшін сотталған адамға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ескерту шығарылды. Барлық сотталғандармен тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тексеру кезінде олардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, сондай-ақ сотталғандардың жақын туыстарымен, сондай-ақ сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында сотталған адамға ықпал етуі мүмкін адамдармен әңгімелесулер жүргізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының ПҚБ аға инспекторы

әділет подполковнигі Д.Қ.Мусин

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...