«Профилактикалық бақылау». Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан 13 ақпанына дейін СҚО Тайынша ауданының аумағында СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ТЖБ қызметкерлері Тайынша ауданының ТЖБ бірлесіп пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған,бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың профилактикасына бағытталған профилактикалық бақылау Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Пробация қызметі бөлімінің инспекторлары учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп , барлық сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексере отырып, рейдтер жүргізеді, сотталғандардың көршілерінен және туыстарынан жауап алады. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзатын адамдарға заңнамалық тәртіппен ықпал ету шаралары уақтылы қолданылатын болады, ал жазаны өтеу шарттары қасақана бұзылған жағдайда сотталғандар тарапынан бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа материалдар жіберілетін болады .

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінде бас бостандығынан айырусыз жазаға 79 сотталған есепте тұр. Есепте тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды болдырмау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

Тайынша ауданының ПҚБ инспекторы

СҚО бойынша ҚАЖД

әділет аға лейтенанты Дулат Шарипов

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...