Профилактика жылы: облыс әкімі мен полиция департаментінің бастығы полиция нысандарының жаңа құрылысына барды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жұмыс сапары аясында, Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы кеден бекетінде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Яғни құрылыс барысы мен жөндеу жұмыстарының уақтылы, сапалы орындалуын қарап шықты.
Облысымызда «Профилактика жылы» шеңберінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен жол қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлерінің қазіргі заманға сай жағдайларын жасау және жұмыс тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылып келеді.
Облыс әкімі Н.Көшеров цифрландыру және «пилоттық жоба» аясында іске асырылып жатқан Жібек жолы ауылындағы жедел басқару орталығы ғимаратының құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда қызметтік үй-жайларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 120-дан астам бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Бұл полицейлерге тәулік бойы мониторинг жүргізуге және түрлі құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар облыс әкімі Сарыағаш ауданы Жібек ауылындағы полиция пунктінің құрылысын тексерді. Бұл нысан полицияға халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге мүмкіндік береді, соның арқасында аудан тұрғындары жедел көмек алып, өз мәселелерін шеше алады.
Айта кету керек, мұндай нысандарды салу құқық тәртібі мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудегі маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз қоғам құруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған полиция қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...