Процестегі тәртіп: кім және қалай қамтамасыз етеді?

Нұркасын Рамазан Амантурлыұлы

Маңғыстау облысының кәмелетке

                                                                         толмағандардың істері жөніндегі

                                                                         мамандандырылған ауданаралық

сотының аға сот приставы

         Сот залы – әділдік пен заң үстемдік құратын ерекше кеңістік. Мұнда әр тарап өз уәжін білдіреді, судья шешім шығарады, ал халықтың сотқа деген сенімі қалыптасады. Бірақ бұл сенім мен тәртіп өздігінен орнамайды. Ол – осы кеңістікте қызмет ететін әрбір маманның, әсіресе сот приставының еңбегінің нәтижесі.

         Сот приставының негізгі міндеті – сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау, қажет болған жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу. Бұл – көпшілікке байқала бермейтін, бірақ аса жауапты қызмет. Сот залына әртүрлі күйдегі адамдар келеді: жәбірленуші, айыпталушы, куәгер, туыстар – олардың эмоциясы жиі шегіне жетеді. Осындай жағдайда сот приставы бейтарап, сабырлы, тез шешім қабылдай алатын тұлға болуы тиіс.

         Кейде сот процесінде дауласу, айқай, сотқа бағынбау сияқты жағдайлар болады. Мұндай сәттерде приставтың кәсіби дайындығы мен ішкі төзімі сыналады. Ол заң аясында, бірақ шиеленіссіз әрекет етіп, жағдайды бақылауда ұстауы керек.

         Сот приставының жұмысы – тек күзет емес. Бұл – заңдылық пен тәртіпті көзге көрінбей қамтамасыз ететін қызмет. Процеске қатысушылардың өзін қауіпсіз сезінуі, сотқа деген сенімнің қалыптасуы, жалпы құқықтық мәдениеттің өсуі осы маманның сәтті жұмысына байланысты.

         Сот приставының тыныш, бірақ нық әрекеті – бүкіл сот процесінің сабырлы әрі әділетті өтуінің кепілі. Ал тәртіп пен тыныштық – әділдіктің басты шарты.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...