Пробация қызметінде есепте тұрған жастармен бейімдік кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Қазалы аудандық прокуратурасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған жастармен бейімдік кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты — пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында пробация жастарына, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік бағытта қайтарымсыз грант ұтып, кәсібін дөңгелетіп отырған жас Ембергенов Талғаттың жұмысымен таныстырды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша қызығушылықтарын арттырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Бүгінгі жас кәсіпкердің дөңгелетіп отырған кәсібін көзбен көріп, жеке кәсібімді ашсам деген арман пайда болды. Кәсіп бастау үшін қаражат қажет, қайтарымсыз грант туралы да білдім. Біз сияқты шалыс басқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін көмек арманымызды іске асыруға мүмкіндік береді», — дейді есептегі азамат.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...