Пробация қызметінде есепте тұрған көп балалы отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді

Семей қаласында пробация қызметкерлері, прокуратура және білім бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, есепте тұрған көп балалы ата-аналарды тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Абай облысы бойынша Семей қаласы ҚАЖД пробация қызметі қалалық Прокуратурамен және білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, қалалық пробация қызметінде есепте тұрған көп балалы отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізді.
Іс-шараның мақсаты сотталғандардың отбасы ішіндегі қарым-қатынасын анықтау және олардың тұрмыс жағдайларымен танысу, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамайтын әлеуметтік-құқықтық немесе өзге де көмекке мұқтаж адамдарды анықтау, әлеуметтік осал тұлғаларды анықтау болды.
Бүгінгі таңда қалалық пробация қызметінде 344 адам есепте тұр, олардың 30-ы көп балалы ата-аналар. Бұл ұрлық, алаяқтық, алимент төлемегені үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандар.
Тексеру барысында сотталғандармен және олардың жақын туыстарымен Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оларға әлеуметтік көмек түрлері, жұмы сқа орналасу, пробациялық бақылау шарттары және сот жүктеген міндеттерді орындау, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді, — деп хабарлайды Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Эрик Үсербаев.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...