12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация есебіндегі жастар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған жастардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, олардың спорт арқылы денсаулығын нығайтып, әлеуметтік байланыстарын жақсарту болды.
Сайысқа Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Алдаберген Қасымжомарт Маратұлы мен аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Сақыбеков Асылжан Сақыбекұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үстел теннисі жарысы барысында қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, шеберлігін көрсетіп, тартысты ойын өтті. Жарыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс тек спорттық сайыс қана емес, сондай-ақ азаматтардың қоғаммен араласуына, өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды шара болды.
«Сайыста жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл жарыс маған өмірге деген көзқарасымды өзгертуге көмектесті. Спорт арқылы өзімді жетілдіріп, алға ұмтылуға шабыт алдым. Осындай шаралар бізгеүлкен қолдау көрсетіп, болашаққа жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді,» – дейді сотталған азамат.

Қақпа алдындағы кездесу

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2024 жылы 14 қараша ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...

Сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысы

Мінекей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30...

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне...