Пробация есебіндегі тұлғалармен кездесу өтті

Қармақшы жастар ресурстық орталығы және пробация қызметі бірлесіп, пробация есебінде тұрған жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Қармақшы ауданының прокуроры Н.Шаймахан, Қармақшы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Әбілдаев, Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Н.Балтабаев
және “Қармақшы ата” мешітінің бас имамы Р.Қожанов қатысты. Кездесуде сотты болған азаматтар діни, заңгерлік және әлеуметтік мағұлымат берілді.

Кездесуден кейін заңгерлік, кәсіпкерлік бағытында жеке қабылдаулар болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...