Пробация есебіндегі азаматтармен «Қылмыссыз өмір – кемел келешек кепілі» атты кездесу өтті

Арал аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында «Қылмыссыз өмір – кемел келешек кепілі» атты кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға қылмыстық өмірдің зардаптары мен оның салдары туралы ой салатын «Қылмыс» фильмі көрсетілді. Фильм арқылы сотталған азаматтарға қателікті қайталамаудың маңыздылығы түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Шара барысында пробация қызметкерлері сотталған азаматтарды заңға бағынуға, жаңа қылмысқа жол бермеуге және қоғамға қайта бейімделуге шақырды. Сонымен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Осындай кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылып, пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және олардың жаңа өмір бастауына ықпал ететін іс-шаралар жалғасатын болады.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...