Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мақат аудандық пробация қызметі тобы мен Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, ақпараттық — түсіндіру тобының мүшесі Л.Бексултанова және “Жәрдем-Атырау” корпаративтік қорының теолог маманы Б.Сағындықовпен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен “Отбасы құндылықтарын сақтау” тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде “ Жәрдем — Атырау” корпаративтік қорының теолог маманы Б.Сағындықов дәстүрлі құндылықтарды жеткізе отырып, теріс діни ағымдардың жетегінен сақтану үшін ақпарат беріп, Атырау облысы дін істері басқармасы “ Ақпараттық — талдау орталығымен” дайындалған түрлі тақырыптағы жадынамалар таратылды. Іс шарамыздың негізгі мақсаты есепте тұрған сотталғандардың қайталама қылмысқа жол бермеуі және оның жолын кесу болып табылады.